Протативті фотоэлектрлік энергия көзі жасалды

    Ғылым 17 Yanvar 2022 3068

    Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Физика-техника институтының ғалымдары шағын қуатты фотоэлектрлік энергия көзін ойлап тапты.

    Кристалл кремнийден дайындалған фотоэлектрлік батареялар негізіндегі қуаты 40-80 Вт болған қосымша фотоэлектрлік көз (КФЕМ) республиканың ауылды аумақтарында пайдалануға арналған. Егістік алқаптар мен фермерлік шаруашылықтарда, ауыл тұрғындарына қолайлылық жасау мақсатында ұялы телефондар, ноутбуктар, компьютерлер, теледидар, заманалық светодиот лампалар негізіндегі жарық жүйелері және басқа электр тұтынушыларын қуатпен қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

    Аталмыш KФЕМ құрылғысы заманалық контроллермен, ГЕЛ типтегі аккумулятормен және инвертормен жабдықталған. KФEM құрылғысы параметрлерінің күннің табиғи жағдайларына тәуелділігі зерттеліп және қуаты 150 Вт дейін болған ~ 220 В, - 12 В және -5,4 В кернеуі бар тұтынушылар үшін тиімді портативті фотоэлектрлік қуат көзінің құрылғыларын жобалау және өндіру бойынша ұсыныстар берілді. Қазіргі таңда құрылғы еліміздің Қашқадария, Сурхандария және Ташкент облыстарының ауылдық жерлерінде сынақтан өтуде, деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates