Ел Президенті апаттың ауқымын бағалады. Густаво Петро су тасқынынан зардап шеккен аймақтардың үстінен ұшып өтті, деп хабарлайды БЕЛТА.

Күшті жаңбыр су тасқынына себеп болды. Сину өзені арнасынан асып, отызға жуық муниципалитетке зиян келтірді. Табиғи апат аймағында 150 мыңнан астам адам қалды. Адамдардың айтуынша, жақындап келе жатқан қауіп туралы уақытында ескертілмеуі адам өліміне, ғимараттардың қирауына және мүліктің жоғалуына алып келген.

Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеуде, адамдарға да, жануарларға да көмек көрсетілуде. Су басқан үйлерден иттер мен мысықтар шығарылды. Ресми тұлғалар шамамен 11 тонна азық-түлік пен ветеринариялық құралдар жіберуге уәде берді, деп хабарлады oz.inform.kz.