Оған сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарының электрондық реестрін қалыптастыру және жүргізу, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарына бекіту бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі белгіленді.
Мұнда талапкер немесе басқару органы сауалнама беру үшін Мемлекеттік қызмет көрсету орталықтары немесе БИМҚП (my.gov.uz) арқылы өтініш жасайды.
Сауалнаманы Бірыңғай интерактивті мемлекеттік қызмет көрсету парталы арқылы демалыс және мереке күндеріне қарамастан тәулік бойы жіберуге болады.
Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін БЕМ-ның 50 пайызы (187 мың 500 сум) мөлшерінде Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақы алынады.
Сауалнама және оған қосымша құжаттарда дұрыс емес ақпараттар көрсетілгені, сондай-ақ белгіленген төлемді төлемеу мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
Электрондық реестрге кіру үшін төмендегі құжаттар қосымша беріледі:
Талапкердің көппәтерлі үйді басқаруы үшін қолда бар жұмысшы-қызметшілері мен материалдық-техникалық базасы туралы мәліметтер паспортының расталған көшірмесі;
бекітілген штаттар кестесі;
тиісті біліктілік сертификаты.