Көппәтерлі үйлерді басқару жеңілдетіледі

    Ел назарында 12 Aprel 2022 2308

    2022 жылғы 12 апрельде Сенаттың Сот-құқық мәселелері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитеті сарапшылар тобының мәжілісінде «Көппәтерлі үйлерді басқару жүйесін жетілдіруге байланысты Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» Заң талқыланды.

    Оған сенаторлар, сарапшылар, мамандар, Қарақалпақстан Республикасы Жоқарғы Кеңгесі, халық депутаттары облыстық, аудандық және қалалық Кеңестері тұрақты комиссияларының төрағалары, Жастар парламенті және БАҚ өкілдері қатысты.

    Комитет сарапшыларының айтуынша, соңғы бес жылда жалпы 37 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үйді пайдаланудың техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуын үйрену нәтижелері бойынша 61 мыңнан астам жағдайда жылжымайтын мүлік иелерінің тұрғын үй қоры және оған жақын аумақтарда өз бетімен құрылыс салғаны анықталған. Оларды жою жөнінде мәжбүрлі нұсқаулар берілді.

    Алайда, өз бетімен заңсыз салынған құрылыстарды мәжбүрлі түрде жою туралы сотқа шағым-арыз беруде алдын ала мемлекет бажы төлемін жүзеге асыру белгіленгендіктен осы мазмұндағы материалдарды соттарға ұсынуда бірқатар қиындықтар туындап отыр.

    Қолданыстағы заңдылықта тұрғын үй иелерінің шіркеттері көппәтерлі үйдің жанындағы жер учаскесін абаттандыру бойынша тұрғындарға басқа да қызметтер көрсетілген және істер орындалған болса қызмет көрсету үшін тиісті салық төлемдерінен босатылатыны айтылды. Бірақ бұл жеңілдіктің басқарушы ұйымдардың қызметіне қолданылмауы түрлі даулардың туындауына себеп болатыны айтылды.

    Осы олқылықтарды жою мақсатында жасалған және талқыланып жатқан осы Заңмен Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне, Өзбекстан Республикасының Салық кодексіне және «Мемлекеттік баж туралы» Заңына тиісті өзгерістер мен қосымшалар енгізілуде.

    Заңның өмірге енгізілуі көппәтерлі тұрғын үйлерді сақтау және оларды пайдалануда заңбұзушылық жағдайларының алдын алуға, көппәтерлі үйлердегі инженерлік-техникалық коммуникациялар мен үйдің құрылымдық іргетасының жер сілкінісіне төзімділігін сақтауға және халықтың қауіпсіз өмір сүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Мәжіліс қатысушыларының атап өткеніндей, Заңға енгізілген өзгертулер басқару органдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, көппәтерлі үйлерді басқару жүйесінде бәсекелестік ортаны қалыптастыруға, тұрғындарға сапалы қызмет көрсетудің жаңа кезеңдерін жүзеге асыруға, тұрғын үй қорларын сақтауда жылжымайтын мүлік иелерінің білдірілген көптеген шағымдарының алдын алуға қызмет етеді.

    Жиналыс соңында сарапшылардың осы Заң бойынша ұсыныстары дайындалып, Сот-құқық мәселелері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетіне ұсынылды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates