Сараптамаларға орай, соңғы бес жылда көппәтерлі тұрғын үйлер қорын сақтап тұру, оларды пайдалану саласында жалпы саны 37 мыңнан астам көппәтерлі тұрғын үйлердің техникалық қауіпсіздік ережелеріне сәйкестігі тексеріліп, нәтижелері бойынша 61 мыңнан астам жағдайда жылжымайтын мүлік иелері тарапынан үй-жай қоры және оған тұтас аумақтарда өз бетінше ғимараттардың құрылғаны анықталған.
Алайда, заңсыз ғимараттарды мәжбүри жоюға қатысты соттарға арыздарды ұсынуда алдын ала мемлекеттік баж төлеуін жүзеге асыру белгіленгендігіне орай осы мазмұндағы материалдарды соттарға ұсынуда бірқатар қиындықтар туғызған.
Талқылау барысында сенаторлар қолданыстағы заңдылықта тұрғын үй меншік иелері шіркеттері көппәтерлі үйлердің жанындағы жер учаскелерін абаттандыру бойынша қызметтерді көрсеткенде және басқа да істер орындалған жағдайда, қызмет көрсету үшін тиісті салық төлемдерінен босатылып, басқару ұйымдары қызметіне қатысты осы жеңілдіктердің ұсынылмай жатқаны түрлі наразылықтарды туындатуда.
Осы олқылықтарды жою мақсатында осы Заңмен “Әкімшілік жауапкершілік туралы” кодекске, “Салық кодексіне”, “Мемлекеттік баж туралы” заңға өзгертулер мен қосымшалалар енгізіледі.
Осы Заңды іске асыру нәтижесінде көппәтерлі тұрғын үйлерді күтіп-ұстау мен пайдалануды қоса алғанда, коммуналдық шаруашылық саласындағы бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ қауіпсіз өмір сүру үшін жағдай жасауға қол жеткізілетін болады.
Бұл ретте елді мекендердің сәулеткерлік келбетін жақсартып, өмір сүру деңгейін көтеруге мүмкіндік туады.
Заңды сенаторлар мақұлдады.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.