Белгілі болғандай, бүгінгі таңда аталған инвестордың демеушілігімен «Youngone»  корпорациясы Өзбекстан Республикасына жалпы сомасы 25 миллион доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция салған. Оның 6 миллион доллары Ташкент облысының үлесіне тура келеді.

Сұхбат барысында тараптар «Youngone Corporation» қатысуымен Бөке ауданында орналасқан «Buka Sportswear» ЖШҚ-да  жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларды кеңейту жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Ташкент облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.