—Агенттік Ақпараттық қызметінің хабарлауынша, Орталық төмендегі бағыттар бойынша өз жұмысын жүргізеді:

  • Жасанды серік арқылы Жерді қашықтықтан зондтау, оның мәліметтерін қабылдау, сақтау, қайта өңдеу және беру;

- ғарыштық салаға қатысты қызметтерді көрсету;

-ғарыштық ғылыми-инновациялық технологияларды кеңінен тарту мақсатында аталмыш саладағы ғылыми-инновациялық істерді жүзеге асыру;

- ғарыштық және геоақпараттық технологияларды, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану арқылы экономиканың, қорғаныс және қауіпсіздік секторларының, аумақтардың әлеуметтік-экономикалық қызметінің тиімділігін арттыруға көмектесу.

Сондай-ақ Ғарыштық мониторинг және геоақпараттық технологиялар орталығы мемлекеттік органдар мен ұйымдарға, шаруашылық бірлестіктерге, жергілікті билік органдарына, жеке және заңды тұлғаларға ғарыштық мониторинг, жасанды серік (спутник) және ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы Жерді қашықтықтан зондтау мәліметтерін ұсыну, тағы басқа да ғарыштық салаға қатысты қызметтер көрсету өкілеттіктеріне ие.