Жиналыста заманалық автоматтандырылған қасапханаларда жаңадан енгізілген қарамал етінің электрондық мәліметтер базасы — “VIS-BILLUR” электронды ақпарат жүйесін енгізуі туралы насихат істерін жүргізуді мақсат еткен.
Семинарда айтылғанындай, осы жаңа ақпарат жүйесінің елімізде толық енгізілуі ең алдымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тұрғындарға сапалы ет өнімдерін жеткізіп беру бойынша электронды база жаратылуына қызмет етеді. Бүгінде осы платформадан 20-ға жуық ақпарат жүйесі жасалып, 9-ы іс жүзіне енгізілді.
Сала мамандарының айтуынша, “VIS-BILLUR” ақпарат порталына енгізілген әрбір қарамал ветеринар дәрігер бақылауынада болады. Тіркеудегі жануарды союдан тартып, еттің санитарлық талапқа жауап беруіне дейінгі үдеріс толық бақылауда болады. Бұл өз кезегінде базарда және сауда дүкендерінде сапасыз ет өнімдерін сатудың алдын алады.
Семинарда “VIS-BILLUR” ақпарат порталының тұсаукесері өтті. Мұнда ақпарат коммуникация технологияларынан кең пайдаланылып, тұтынушылар үшін етті жеткізіп беруде жаңаша жанасып, инновациялық шешімді алға тартты.
Жаңа жүйеге сәйкес, коммерциялық мақсаттарда сойылған жануарлар маманданған сою кәсіпорнының өзінде бірыңғай электрондық мәліметтер базасына енгізіліп, етке штрих кодтар жабыстырылуы арқылы ветеринария бақылауынан өткендігі және тұтынуға жарамдылығы кепілденеді. Кейіншелік, бұл штрих кодтар тұтынушыларға тікелей еркін мобильді қосымшалар арқылы еттің келіп шығуы, сойылған жануардың түрі, сойылған күні сияқты мәліметтермен танысу мүмкіндігіе ие болады.
Етті сатуға арналған сауда нысандарында қажетті құрылғылар орнатылып, сату үшін әкелінген ет мәліметтер базасындағы анықтамаға сәйкес болған жағдайда сатуға рұқсат етіледі. Бірінші басқышта диқан базарларында, кейінгі басқыштарда сауда кешендерімен, тағы басқа сауда нысандары мен карантин орындарында енгізіледі.
Семинар барысында “Узчармсаноат” ұйымына мүше қасапханалардың басшылары Ветеринария және шаруашылықты дамыту мемлекеттік комитеті жасап, басқа жаңа электронды жүйемен жақыннан таныстырады, деп хабарлайды “Узчармсаноат” ұйымының баспасөз қызметі.