Лагерьлер балаларды шақырады

    Елімізде балаларды демалу және сауықтыру бойынша биылғы маусым 1 июнінен басталды.

    Үстіміздегі жылдың 19 май күні Министрлер Кабинетінің өткен мәжілісінде балаларды демалуы мен сауықтыру маусымына дайындық көру және оны өткізу іс-шаралары туралы мәселесі талқыланған еді. Мәжілісте тиісті министрлік, мекеме және ұйымдар, жергілікті әкімшілік органдарына маусымды жоғары деңгейде әрі сапалы өткізу бойынша нақты міндеттер жүктелген.

    Үстіміздегі жылы еліміз бойынша 1 мың 545 стационарлық түрдегі лагер және сауықтыру алаңдары қызметі жолға қойылып, онда жалпы 261 мың 600-ге жуық баланы демалдыру жоспарланған. Сонымен қатар, 202-і стационарлық түрдегі лагерьде 132 мың 300-ден астам, 1 мың 343 сауықтыру алаңдарында 129 мың 280-ге жуық бала демалады.

    Маусым барысында аумақтарда интеллектуалдық даму, экологиялық биологиялық және өлкетану, техникалық шығармашылық, әлеуметтік бейімдеу, тәрбие және спортпен сауықтыру, көркем шығармашылық бағыттарына мамандандырылған лагерьлерді ұйымдастыру көзделген.

    Маусымға дайындық үдерісінде Өзбекстан Кәсіподақ федерациясы тарапынан Қарақалпақстан Республикасы, облыстар мен Ташкент қаласында лагерьлерде істейтін қызметкерлер үшін арнайы онлайын оқу-әдістемелік семинарлар өткізілді.

    Бүгінгі пандемия жағдайында балаларды сауықтыру лагерлері қызметінің барлық қауіпсіздік шаралары қаралып, карантин ережелеріне толық сақтап ұйымдастырылуда.

    Балалрды демалдыру және сауықтыру іс-шараларын Өзбекстан Кәсіподақ ұйымы федерациясы тарапынан үйлестірілген жағдайда жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, маусымды үлгілі әрі ұйымшылдықпен өткізу бойынша Республика штабы, Федерацияның аумақтық кеңестерінде аумақтық штабтар қызметі жолға қойылды. Республика үйлестіруші тобының құрамына Жұмысшы және аумақтық үйлестіруші топтар тарапынан маусымның барысы тұрақты мониторинг жасалады.

    Жұмысшы топтар әрбір аумақта маусымға дайындық істері терең үйреніп, онымен байланысты мәселелер сол жердің өзінде шешіледі және кемшіліктерді шешу шаралары көріледі. Сондай-ақ балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, лагерьлерге сапалы азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектерді үздіксіз жеткізіп беру, білікті кадрларды жұмылдыру, демалу орындарының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша кең көлемді істер жүзеге асырылады.

    Сауықтыру лагерьлерінде балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде карантин талаптарына мойынсұну мәселелеріне көңіл бөлуді күшейту ерекше бақылауға алынған.

    Балалар денсаулығы тұрақты білікті дәрігерлер мен медбикелер бақылауында болады. Сауықтыру орындарындағы медицина бөлмелері барлық қажетті медицина аспап-құралдарымен және жиЅаздармен, дәрі-дәрмектермен, арнайы дәрімен қамтамасыз етілген.

    Карантин кезінде лагерьлерде балалар десаулығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында балалар жазғы лагерьлер қызметін ұйымдастыру бойынша арнайы талаптар жасалған. Лагерьлер аумағына оның қызметінде қатысы жоқ тұлғалардың және автомашиналардың кіруі қатаң тоқтатылған. Қызметкерлер мен балалар денсаулығы бойынша медициналық мониторинг күшейтілген. Балалар мен қызметкелер әр күні екі рет медициналық тексеруден өткізіліп, оның нәтижесі туралы мәліметтер медициналық бақылау дәптеріне енгізіледі. Жатақханаларда, ашық орындарда балалар жасынан тыс әлеуметтік қашықтықты сақтап, орналастырылады.

    Лагерьлерде әрбір балаға күніне 1,5 литр тазартылған су беріліп, аумақтағы ауызсу құбырларынан пайдалануға рұқсат берілмейді. Шектеу шаралары барысында жүзу әуіздерінде шомылуға да рұқсат етілмейді. Физиологиялық сауықтыру және бұқаралық спорт шаралары және әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтап өткізіледі.

    Бұл жерге жұмылдырылатын қызметкерлер және балаларды тереңдетілген медициналық тексеруден және тестен өткізу, барлық істейтін қызметкерлер вакцина алған болуы талап етіледі.

    Үстіміздегі жылғы маусымда да әлеуметтік қорғауға мұқтаж, табысы аз, бағушысынан айырылған жанұя перзенттері материалдық және рухани қолдап-қуаттау мәселелеріне де назар аударылуда. Әсіресе кәсіподақ ұйымдары тарапынан әлеуметтік қорғауға мұқтаж, табысы аз жанұя перзенттері ұжымдық келісімшарттар және келісімдер арқылы жетілдетілген жолдамалармен қамтылуда. Мейірбандық үйлерінің тәрбиеленушілері жеңілдетілген түрде дем алдырылып, сауықтырылады. Қарақалпақстан Республикасы және Хорезм облысындағы табысы аз бағушысынан айрылған жанұя перзенттері, Мейірбандық үйлерінің тәрбиеленушілері болған 4500 ұл-қыз өз аумақтарындағы көркем және ауасы таза лагерьлерде тегін демалдырылады.

    Балаларды сауықтыру мен қамту көлемін кеңейту мақсатында кәсіподақ ұйымдары жүйесіндегі санаторийлерде 2 мың 400-ге жуық ана-баланың да сауықтырылуы жоспарланған.

    Мухаббат УРМАНБЕКОВА,

    Өзбекстан Кәсіподақ ұйымдары федерациясының баспасөз қызметінің басшысы

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates