Атап айтқанда, “Art Stream”, “Fifflondon”, “Blackboard”, “Lift-Off Season Awards” және “IFFT” халықаралық байқауларында Лазги биінің тарихына арналған деректі фильм “Би туралы ең үздік деректі фильм” деп тән алынды.
«2020 жылғы Жастар форумы» аясында жас режиссер інімізден шақырту алдық», — дейді Премьер-министрдің орынбасары, Туризм және спорт министрі Азиз Абдухакимов. – Жобаны жан-жақты зерттеп, оны қолдадық – министрлік жобаны жүзеге асыруға қажетті қаражатты бөліп, қажетті жағдайларды жасады.
«Лазги» фильмінің аз ғана уақыт ішінде осындай табысқа жетуі мемлекет басшысының еліміздің мәдени мұрасын сақтауға көңіл бөлуінің, салада жүргізіліп жатқан реформалардың және әрине, жастарға жасалып жатқан жағдайдың жемісі деп білемін. Фильм шығармашылық тобының алдағы жұмыстарына сәттілік тілеймін. Еліміздің дамуына үлес қосатын дарынды жастар көбейсін, біз оларды қолдауға дайынбыз». «Лазги» деректі фильмі Мәскеу қаласында әр айда өтетін “Art Stream” кинофестивалінде «Би туралы ең үздік қысқа метражды деректі фильм» деп танылды. Art Stream кинофестивалі түрлі елдердегі барлық жанрларда жұмыс істейтін тәуелсіз кинематографтарды қолдап-қуаттайды.
Сонымен қатар «Лазги» Лондонда өтетін «Fifflondon» фильмдер байқауында «Көрермендер байқауына орай, ең жақсы фильм» ретінде мойындалды. Әр ай аталмыш байқаудың қазылар алқасы жабық қойылымдарда ең жақсы көркем, деректі және анимациялық фильмдердің үздік авторларын марапаттайды.
Дүние жүзіндегі кинематографистерді тануға арналған “Blackboard” – халықаралық кинофестиваль болып, онда “Лазги” фильмі “Би” туралы ең үздік деректі фильм» деп танылды.
Үндістанның ең жақсы фильмдеріне арналған «Lift-Off Season Awards» шарасы дарынды шығармашылардың жүздеген фильмдерін жаратады. Бұл фестивальде Өзбекстанның «Лазги» фильмі «Би туралы ең үздік фильмдердің бірі» деп танылды.
Бұдан тыс, «Orange Film Academy», Триссурдегі халықаралық кинофестивалі, Медиазерттеушілер орталығы, Сент-Томас колледжі және Үндістанның халықаралық фольклорлық кинофестивалі ұйымдастырған IFFT (International Film Festival of Thrissour) тұсаукесерінде «Лазги» фильмін үздік деректі фильм ретінде ұсынды деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
«Бұл фильмді түсіру барысында Лазги биінің жойылып бара жатқан түрін сақтап қалу, оны әлемге паш ету, сол арқылы шетелдіктердің назарын мәдени мұрамызға аударуды мақсат еттім. Ташкентте өткен Жастар форумында Туризм және спорт министріне хабарластым, олар менің бастамамды толық қолдап, тез арада түсірілімге кірістік. Туризм және спорт министрлігінің өкілдеріне біз сияқты жастарға қолдау көрсетіп, мотивация бергені үшін алғыс айтқым келеді», - дейді фильмнің режиссері Ихтиёр Бахтиёров.
Өзбекстан мемлекеттік консерваториясы, Юнус Ражаби атындағы ұлттық музыка өнері институтының профессоры, Өнертанушы ғылымдарының кандидаты. Ардахан (Түркия) университетінің бейнелеу өнері факультетінің профессоры Ботир Матёкубов фильм туралы былай деп түсіндірді:
«Әлемде сондай халықтар бар, олардың қандай екенін қолөнершілігі, өнері мен билері арқылы танисыз, есте сақтайсыз. Мысалы, украиндардың «Гопак», дағыстандықтардың «Лезгинка», өзбектердің «Лазги» немесе «Андижан полкасы» және т.б. «Лазги» биі ертеде пайда болғанымен, біздің ғасырға келіп әлемге танылып, ЮНЕСКО-ның қарауына алынды.
Бүгінгі таңда 50-ден астам шығармашылар оның жаңа түрлерін жаратты. “Лазги” туралы қысқа және толық метражды фильмдер түсіріліп, әлемді аралап, туристерді Лазгинің отаны Хорезмге шақыруда. Сонымен қатар музыкалық аспаптардың ойналуын, бидің тарихын және оның сұлулығын ашып беретін бұл фильм маған өте ұнады. Самғауыңа көз тимесін, әсерлі де әсем Лазгим!»