Өзбекстан мен Әзербайжан басшылары стратегиялық әріптестікті нығайту мәселелерін талқылады

    26 сәуір күні Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындағы достық, стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

    Әңгіме барысында өткен жылдың тамызында Әзербайжан Президентінің Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары нәтижесінде қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы қаралды.

    Тараптар «Экономикалық ынтымақтастық жылы» аясында атқарылып жатқан жұмыстарды оң бағалады. Биылғы жылдың басынан бері өзара тауар айналымы 20 пайызға артқан. Автомобиль жасау, тоқыма өнеркәсібі, электр техникасы, энергетика, ауыл шаруашылығы, туризм сияқты бірқатар салалардағы жобалар белсенді жүзеге асырылуда.

    Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстар да қарқынды дамып келеді.

    Сұхбат барысында биыл өтетін жоғары деңгейдегі саммиттерге дайындықты пысықтау, Үкіметаралық комиссияның кезекті отырысына, өңірлер мен университет ректорлары форумдарына және мәдени іс-шараларға дайындық жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді.

    Президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы алдағы бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылады.

    No date selected
    May 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates