“LOT Polish Airlines” әуе компаниясы Өзбекстанға тұрақты рейстерді жолға қойды

    Көлік 14 Mart 2024 649

    Бүгін, 14 мартта Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында “LOT Polish Airlines”әуе компаниясы елімізге тұрақты рейстерді жолға қоюға байланысты шара және алғашқы рейсті қарсы алу рәсімі өтті.

    Шара аясында баспасөз конференциясы өтті. Оған Туризм комитеті төрағасының орынбасары Сардор Ниязов, Polish Airlines компаниясының бас директоры Михаил Фиял, Өзбекстанның Польшадағы елшісі Амирсаид Агзамхужаев, Польшаның Өзбекстандағы елшісі Радослав Грук, Транспорт және Мәдениет министрліктері және екі елдің БАҚ өкілдері мен блогерлері қатысты.

    «LOT Polish Airlines» әуе компаниясының Варшава мен Ташкент арасында тікелей рейстерді ашуы әуе саласындағы маңызды қадам ғана емес, сонымен бірге Польша мен Өзбекстан арасындағы туризмді дамыту және мәдени алмасу үшін тамаша мүмкіндік», - деп айтты Сардар Ниязов.

    «Бүгін “LOT Polish Airlines”әуе компаниясының тағы бір бағыты ашылды. Өзбекстан әлемдегі көрікті елдердің бірі болып табылады және Польша мен Еуропадан келген туристерді түрлі тамаша ұсыныстарымен қарсы алады. Сеніміміз мол, ұшақ бортында Орталық Азияның жүрегіне қолайлы жағдайда жетіп келу мүмкіндігі Польша мен Өзбекстан арасындағы туризм мен экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға серпін болады», - деді “LOT Polish Airlines” әуе компаниясының бас директоры Михал Фиёл.

    Туризм комитеті тарапынан алғашқы рейстің ашылу салтанатынан кейін шетелдік делегацияны Ташкент қаласының көрікті жерлерін аралауыға және халықаралық блогерлер мен БАҚ өкілдерінің туристік нысандарымыз туралы контент дайындау мақсатында «City-tour» ұйымдастырылады.

    Сапардың екінші күні Польша туроператорлары, блогерлер мен БАҚ өкілдері үшін Самарқант облысы мысалында туризм саласындағы жүргізілген өзгерістер мен жаңартулармен жақынан танысу және Польшада «Самарқант – Жаңа Өзбекстанның туризм қақпасы» насихат компаниясын жолға қою мақсатында Комитет бір күндік прес-тур саяхатын ұйымдастырды, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.

    Ақпарат ретінде, Варшава-Ташкент-Варшава бағытындағы әуе қатынаулар март айында аптасына 3 рет, апрель айында 4 рет жүзеге асырылуы жоспарланған. Бұл рейстер Өзбекстан мен Еуропа елдері арасындағы туристтер алмасуға оң әсерін тигізеді.

    Бұл хабарламада әуе билеттерін lot.com әуе компаниясының ресми веб-сайтында, сондай-ақ әуе билет кассалары мен саяхат агенттіктерінен сатып алуға болатынын мәлімдеді.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates