Мәдени мұра нысандарын қалпына келтіретін алғашқы зертхана құрылды

    Туризм 29 Noyabr 2021 1452

    Корея Республикасының Мәдени мұра қоры тікелей Туризм және спорт министрлігімен, Корея үкіметімен және Кореяның Мәдени мұра басқармасымен бірлесе отырып, 2020 жылдан бастап Өзбекстан мәдени мұрасын сақтау бойынша ODA(Offissial Development Assistance) жобасын жүзеге асырды.

    Бұл жоба өзбек халқы үшін маңызы зор көне қазбаларды келешек ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік береді.

    Жобаның І-басқышы бойынша 700 мың көлемдегі грант негізінде Өзбекстан мәдениеті тарихы мемлекеттік мұражайы қасында археологиялық қазбаларды үйрену және қалпына келтіру бойынша заманалық зертхана құрылды, сала мамандары үшін шеберлік сабақтары өткізіліп, 95 экспонат қайта қалпына келтірілді. Афросияб мұражайындағы қабырға сызылған суреттер көрсетілетін бөлме жөндеуден шықты.

    Өзбекстанның Мәдениет тарихы мемлекеттік мұражайының зертханасын жөндеу әрі жаңғырту мақсатында мұражай ғимаратының 4-қабатындағы көрме залы қайта жөнделді, заманауи жабдықтарымен және инвентарларымен жабдықталды. Мұражайдағы жөндеу зертханасына құны 87 мың доллар болатын 120-дан астам реставрациялық жинақ пен заманауи құрал-жабдықтар әкелінді.

    Жоба аясында Өзбекстаннан келген 6 маман мұражай байлықтарын қалпына келтіру әдістеріне оқытылды. Олар мұражайға қойылған бірқатар керамикалық және металл бұйымдарды қайта қалпына келтірілді.

    Сондай-ақ Корей мемлекеті концервация қыр-сырын ашатын заманауи оқу-әдістемелік қолданба ұсынды, жобаның қорытынды кезеңі зертхананың материалдық-техникалық базасын жақсартуға назар аударуға бағытталған.

    «Қазір Корея үкіметі 2022-2026 жылдар аралығындағы ОDA жобасының екінші басқышын жүзеге асыруға дайындалуда. Жобаның екінші басқышы Самарқант облысындағы зерттелмеген тарихи ескерткіштерді зерттеп, туристік орындарға айналдыру мақсатында Археология институтының инфрақұрылымын жақсартуды қамтиды, жобаның жалпы құны 3 миллион 800 мың долларды құрайды және 5 жыл ішінде таратылады», — дейді ОDA-ның Өзбекстан мәдени мұраны сақтау жобасы директоры, Корея Мәдени мұрасы қорының өкілі Ким Донгмин.

    Жобаның екі бөлігінде Өзбекстанның мәдени мұрасын сақтау және басқару, оларды зерттеу және қазба жұмыстарын жүргізу бойынша тәжірибе алмасу, заманауи археологиялық білім мен дағдыларды жетілдіру, мұражайлар ашу үшін ескерткіштерді қалпына келтіру, олардың материалдық-техникалық базасын қалпына келтіру, реставрация орталықтары мен рестовраторлардың деңгейін көтеру қарастырылған, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    April 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates