Шавкат Мирзиёев жұмыспен қамту және еңбек көші-қонын ретке келтіру бойынша кеңес өткізді

    Билік 10 May 2024 2622

    Президент Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен елді мекендерде жұмыспен қамтамасыз ету және еңбек көші-қонын ретке келтіру мәселелері бойынша кеңес өтті.

    Халықтың жұмыспен қамту мен табысын арттыру –мемлекеттік саясатымыздың басым бағыты. Осы мақсатта көптеген экономикалық және әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Жаңа жобалар қолға алынуда. Кәсіпкерлік және өзін-өзі жұмыспен қамтуға кең жол ашылған.

    Мемлекет басшысының бастамасымен Сайхұнабад тәжірибесі барлық өңірлерде жүзеге асырылуда. Жауапты азаматтар осыған байланысты аудан және махаллада атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

    Әрбір махаллаға экономикалық кешен ұйымдарының басшылары бекітілген. Олар сол жерде күн көрісі төмен отбасылармен жұмыс жасап, адамдардың табысын арттыруға атсалысуда. Ол үшін арзан несиелер, субсидиялар, жеңілдіктер бағытталуда. Шаруашылықтарда агроөнеркәсіп мамандарымен бірге пайдалы дақылдар егіліп жатыр.

    Президент барлық жерде істің бірдей ұйымдастырылмағанын атап өтті. Бүгінгі күрделі жағдайда адамдарды жұмыспен қамтудың және табысты етудің бірден-бір жолы – ішкі мүмкіндіктерді толық жұмылдыру екенін айтылды.

    Азаматтарды тәртіппен және қауіпсіз шетелге жұмысқа жіберу, елімізге оралғандарды жұмысқа орналастыру да маңызды міндеттерден. Сондықтан Жұмыспен қамту министрлігіне қарасты Сыртқы еңбек көші-қоны агенттігінің қызметі реформалануда. Барлық өңірлерде «Шетелде жұмыс – махалладан» қағидасы жүзеге асырылуда.

    Біліктілігі жеткіліксіз азаматтарға қосымша кәсіптік оқыту, шетелдік жұмыс берушілердің талаптары негізінде мақсатты оқыту жүргізіледі. Осының негізінде жақын арада 150 мың адамды табысы жоғары елдерге жіберу жоспарланған.

    Еңбек көші-қонынан оралған азаматтарға да ерекше көңіл бөлінеді. Сайхұнабад тәжірибесіне сүйене отырып, оларға шаруашылықта өнім өсіруге және жеке кәсіп ашуға ұйымдастырушылық және қаржылық қолдау көрсетіледі.

    Мемлекет басшысы азаматтарға сапалы қызмет көрсету және жұмыспен қамтамасыз ету бойынша қосымша тапсырмалар берді.

    Көші-қон мәселесі бойынша бірыңғай ақпараттық алаң құрып, оны «махалла жетілігі» жүйесімен біріктіру, шетелде қиын жағдайда қалған өзбекстандықтарға көмектесу керектігі айтылды.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates