Жергілікті туристерге кешбэк ретінде 177 миллион сум қайтарылды

    Туризм комитеті Салық комитетімен ынтымақтастықта жаңа кэшбэк жүйесін іске қосты.

    Осы жүйе бойынша 2022 жылдың 1 сентябрінен бастап "Өзбекстанды бойынша саяхат жаса!" бағдарламасы аясында «Саяхат жаса және кэшбэк тап» ұранымен республика аумақтары арқылы ішкі саяхаттарды жүзеге асырған ел азаматтарға қаражаттардың бір бөлігін қайтарып беруде.

    2023 жылы Өзбекстан бойынша саяхатқа шыққан еліміздің азаматтарына жұмсалған қаражаттары үшін жалпы 177 миллион сумнан астам ақша кэшбэк ретінде қайтарылды, деп хабарлайды Туризм комитетінің баспасөз қызметі.

    Естеріңізге сала кетейік, саяхат қаражаттарын қайтару әрбір туристке төмендегі мөлшерлерде өтеледі:

    - әуе қатынау арқылы барып-келу билеті бағасының 15 пайызы, бірақ 150 000 сумнан аспаған мөлшерде;

    - теміржолда немесе автобуста бару-келу билеті бағасының 15 пайызы, бірақ 80 мың сумнан аспаған мөлшерде;

    - орналастыру мекемесінде түнеу қаражатының 15 пайызы, бірақ 80 мың сумнан аспаған мөлшерде;

    - театрға, мұражайға, циркке және өнер галереяларына баратын әр билет бағасының 50 пайызы, 20 мың сумнан аспайтын мөлшерде.

    Сондай-ақ, бұл хабарламада кэшбэк алу тәртібі көрсетілген.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates