“Ҳудудгазтаминот” баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрмыстық газ баллондарын автокөліктерге газ құю бекеттерінде толтыру қауіпсіздік талаптарына қайшы келеді. Бұл тыйым Министрлер Кабинетінің 2020 жылғы 20 қазандағы 649-санды қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларының 674-тармағында да белгіленген.

Осы жылдың 2 қарашасында қабылданған ӨРҚ–1186-санды Заңымен автокөліктерге газ құю бекеттерінде тұрмыстық газ баллондарына сұйытылған газ құйғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Аталған норма 2027 жылғы 5 ақпаннан бастап күшіне енеді.

 “Ҳудудгазтаминот” әлеуметтік желілерде автокөліктерге газ құю станцияларында тұрмыстық баллондарды толтырғаны үшін жауапкершілік белгіленуіне байланысты тараған түрлі пікірлерге түсініктеме бере отырып, тұрмыстық газ баллондарын толтыру қызметі тоқтатылмағанын және тұрғындар үшін шектелмегенін атап өтті.

Қолданыстағы тәртіпке орай, бұл қызметті тиісті қауіпсіздік талаптарына сай келетін және белгіленген тәртіппен рұқсат алған арнайы газ толтыру станциялары (ГТС) мен газ толтыру пункттері (ГТП) арқылы жүзеге асырылады.

Республика бойынша «ЛПГ-Траде» ЖШҚ қарамағына кірмейтін 360-тан астам газ толтыру станциясы мен пункті бар. Олар тәуелсіз заңды тұлғалардың басқаруында және халықтың тұрмыстық газ баллондарын толтыруға құқылы.

Бұдан бөлек, тұрғындар үшін қосымша мүмкіндіктер жасау мақсатында қолданыстағы автокөліктерге газ толтыру станцияларының аумағында тұрмыстық баллондарды қауіпсіз толтыруға арналған жеке арнайы бекеттер ұйымдастыру туралы ұсыныс тиісті ұйымдарға енгізілген.