Мектеп директоры лауазымына үміткерлерден менеджерлік сертификат талап етіледі

    Білім 13 May 2022 4548

    2022 жылдың 1 декабріне дейін мектеп директоры лауазымына үміткерлердің білімі мен дағдыларын бағалау және бағалау нәтижесі бойынша оларға менеджерлік сертификатын беру тәжірибесі енгізіледі.

    Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Президентінің «2022-2026 жылдарда халыққа білім беруді дамыту бойынша ұлттық бағдарламаны бекіту туралы» жарлығында белгіленген.

    Сондай-ақ, қаулыға сәйкес, 2023 жылғы 1 январдан бастап:

    мектеп директоры лауазымына үміткерлер менеджерлік сертификатын алу үшін Ұлттық-зерттеу институтында арнайы ақылы бағдарламалар негізінде ұжымда жұмыс істеу және ата-аналармен қарым-қатынас жасау, басқару, қаржы және ақпарат-коммуникациялық технологиялар бойынша оқытылады;

    оқыту аяқтаған соң Ұлттық-зерттеу институты тарапынан мектеп директоры лауазымына үміткерлердің менеджмент саласы бойынша білімі мен дағдылары бағаланады және нәтижесі бойынша менеджерлік сертификаты беріледі;

    мектеп директоры лауазымына үміткерлер тек менеджерлік сертификатына ие болған тұлғалар арасынан таңдалады.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates