Мектеп директоры лауазымына кандидаттарды менежерлік оқу курстарында оқыту жүйесі енгізіледі

    Білім 26 Dekabr 2023 1396

    Үкімет қаулысымен (681-санды 25.12.2023 ж.) Мемлекеттік жалпы орта білім беру мекемелері директоры лауазымына кандидаттарды менеджерлік оқу курстарында оқыту және оларға менежерлік сертификаттарды беру тәртібі туралы ереже бекітілді.

    Қаулыға сәйкес, 2024 жылдың 1 январынан бастап А.Авлоний атындағы педагогиканы кәсіби дамыту және жаңа әдістемені үйрету ұлттық-зерттеу институтында мектеп директоры лауазымына кандидаттарды менежерлік оқу курстарында оқыту және оларға арнайы портал арқылы менежерлік сертификатты электронды түрде беру жүйесі енгізіледі.

    Ережеге сәйкес, мектептерде жұмыс істейтін директорлар әр 5 жыл сайын менежерлік сертификатын алуы талап етіледі.

    Мұндай сертификатқа ие директорлар оны алғаннан кейін 3 жыл бойы оқу курстарынан босатылады.

    Кандидаттар арнайы портал арқылы электронды түрде тіркеліп, оқу курсына оқуға өтініш береді.

    Өтініштер әр айдың 5-іне дейін (июль-август айлары бұдан тыс) қабылданады.

    Оқу курстары 20-30 тыңдаушылардан құралып, академиялық топтарда ұйымдастырылады.

    Оқу курстарының ұзақтығы 144 сағатты құрайды және 1 ай бойы оқытылады.

    Үміткерлердің өз еркімен таңдауы негізінде оқу курстары өндірістен бөлінген немесе бөлінбеген мүмкін (қашықтықтан, онлайн режимінде) ұйымдастырылуы мүмкін.

    Оқу курстарын нәтижелі аяқтаған үміткерлер сертификатты беру бойынша қорытынды сынақтарға жіберіледі.

    Директорларды оқыту кезеңінде олардың негізгі жұмыс орнындағы лауазымы және қолданыстағы орташа жалақы мөлшері сақталады.

    Аталмыш тәртіп төмендегілерге қатысты ұсынылмайды:

    Президент, шығармашылық және мамандандырылған мектептер;

    физиологиялық, психикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой кемістігі бар балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдары;

    санаториялық типтегі мамандандырылған мемлекеттік оқу орындары;

    мамандандырылған мектеп-интернаттар мен мамандандырылған мектептер;

    ерекше жағдайлармен қамтамасыз ету, тәрбиелеу мен білім беруге мұқтаж балаларға мамандандырылған мектептер.

    2024 жылдың 1 сентябрінен бастап менежерлік сертификатқа ие төмендегі басшы қызметкерлерге осы сертификаттың қолданыс мерзімі барысында лауазымды жалақасына әр айлық қосымша үстемелер төленеді:

    мектеп директорларына – 50 пайыз;

    мектеп директорының орынбасарларына – 30 пайыз.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates