Мектепке дейінгі білім министрлігі және жағдайға байланысты төмендегілерді мәлімдеді:

Мемлекеттік мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру мекемелерінде COVID-19 пандемиясы кезеңінде мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру мекемелерінің қызметіне қойылатын уақытша санитарлық-гигиеналық талаптар қатаң сақталады;

мемлекеттік мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру ұйымдарында мерекелік шараларды өткізуге уақытша шектеу қойылды;

ата-аналар мен сырттан келген қонақтарға кіруге рұқсат етілмейді (қажет болған жағдайда соңғы үш күндік ПТР сынағы және вакцинация туралы сертификат болуы қажет);

жиналыстар өткізуге шектеу қойылады, қажет болған жағдайда бейнеконференцбайланыс режімінде өткізу шаралары қарастырылады;

Осы шектеуді бұзған жағдайда тиісті тәртіпте жауапкершілік шаралары (сөгіс, айыппұлдар және т.б.) қолданылады.

COVID-19 пандемиясы кезінде аурудың белгілері анықталған мектепке дейінгі тәлім-тәрбие мекемелерінің топтары СанЭпидқызметінің  (СЭС) қорытындысына сәйкес уақытша карантинге жабылады.

Аурудың белгілері жойылғаннан кейін мектепке дейінгі тәлім-тірбие ұйымдары немесе топтар өз қызметін жалғастырады.