Кездесу барысында Өзбекстан Республикасының мектепке дейінгі тәлім-тәрбие жүйесін цифрландыруға бағытталған «S-board» бағдарламасын жүзеге асырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесу аясында Чунгрим Хан ханым Корей тарапы Мектепке дейінгі тәрлім-тәрбие агенттігімен бірге Өзбекстан Республикасының мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру жүйесіне жаңа озық инновациялық идеялар, қолданбалар мен технологияларды енгізудің түрлі бағыттары бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ұмтылып жатқаны жайлы айтты.

 Келіссөздер соңында тараптар мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру жүйесін дамытуға бағытталған ынтымақтастықтағы істерді жалғастыру және Өзбекстан Республикасы Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие министрлігі мен Кореяның «Edulink Global»  компаниясы арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум пункттерін жүзеге асыруды жеделдету қажеттігі туралы келісімге келді, деп хабарлайды Мектепке дейінгі тәлім-тәрбие беру агенттігінің баспасөз қызметі.