Малайзиямен ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

    Бүгін Өзбекстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Илхом Хайдаров Малайзия елшісі Илхам Туах бин Иллиаспен кездесті.

    Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, диалог барысында Өзбекстан-Малайзия күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралды. Ағымдағы жылдың 17-19 май күндері Малайзия Премьер-министрі Анвар Ибрагимнің елімізге ресми сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

    Экономикалық дипломатияны белсенді ілгерілету бойынша нақты ұсыныстар қарастырылды.

    Болашақ сапарлар мен түрлі деңгейдегі біріккен іс-шаралардың ұйымдастырушылық және мазмұндық жақтарына ерекше назар аударылды.

    Келіссөздер барысында саяхатшылар алмасуын, әсіресе, зиярат туризмі саласын одан әрі арттыру қажеттігі баса айтылып, тиісті біріккен жобаларды жүзеге асырудың іс жүзіндік жақтары талқыланды, деп хабарлайды «Дунье» AA.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates