Сұхбат барысында Өзбекстанда мыс шикізатын қайта өңдеу, еліміздің энергетикалық жүйесін жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан реформалар, сонымен қатар электротехника өнімдерін өндіру мүмкіндіктеріне тоқталды. Республикада шетелдік инвесторларға берілген салық және кедендік жеңілдіктер туралы толық ақпарат берілді.
Тараптар Өзбекстандағы мыс өңдеуге арналған шикізат базасы, трансформаторлар мен шағын тұрмыстық электротехникалық бұйымдарды өндіру бойынша еліміздің аймақтарында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Кездесу соңында осы бағыттар бойынша нақты жобаларды әзірлеу мақсатында Малайзия компаниясы өкілдерінің Өзбекстанға сапарын ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді, деп хабарлайды «Дунё» АА.
1993 жылы құрылған “Erwan Technology Sdn. Bhd.” компаниясы «ERWAN» инвестициялық холдингінің құрамына кіреді. Холдинг инженерлік, пайдалы минералдық ресурстар мен бағалы металдарды қазып алу және сату, мұнай мен газ, электротехника өнімдері, медициналық жабдықтарды өндіру сияқты 40-тан астам салада жұмыс істейтін компанияларды бірлестіреді.