Шараға 50-ден астам BPO кәсіпкерлері мен үкімет қызметкерлері және Ирвин қаласының мэрі Фарра Хан және Ирвин Сауда өнеркәсіп палатасының президенті Браян Стар басшылығындағы үкімет қызметкерлері қатысты.

АКТ министрі Шерзод Шерматов Өзбекстандағы жаңа аутсорсинг базарының әлеуеті туралы айта келе, еліміздегі бар қажетті жағдайлар, халықаралық заманға лайықты заңдылық, жас таланттардың көптігін, қажетті заманауи инфрақұрылымды, салықтық және кедендік жеңілдіктермен қамтамасыз етілгені және IT- саласында білім беру жолға қойылғанына  айрықша тоқталды . Бұл өз кезегінде , Өзбекстанды аутсорсинг саласындағы ынтымақтастық үшін ең тартымды елге айналдырады.

Сондай-ақ, IT-парк резиденті RevoTech LoadStop компаниясы «LoadStop»  атты стартапқа инвестиция салынғаны атап өтілді. Айта кету керек, құны 50 миллион доллардан жоғары бағаланған стартап көлікті басқарудың инновациялық жүйесін көздейді. Компания болса оның тең құрылтайшысы болып табылады.

Шара аясында Өзбекстан Республикасы Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту  министрлігі мен “Access Capital Management Corp” арасында IT және BPO саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою және бірлескен корпорация құруға арналған салтанатты рәсімі өтті. Болашақ корпорация 3 жыл ішінде 1100 жұмыс орнын ашуды және АҚШ пен Өзбекстанда заңды тұлғалар кәсіпкерлік субъектілерін ашуды көздеп отыр. Жаңа корпорация көлемінде сақтандыру, факторинг, QA (сапаны бақылау) және мультимедиа сияқты салаларда бизнес-үдерістерді аутсорсингті қызметін кеңейту бойынша келісімдерге қол жеткізілгені атап өтілді.

Іс-шараның ресми бөлімінен кейін Америкалық компаниялардың қатысуымен B2B форматындағы кездесулері өтті. Жиында IT-парк резиденті мәртебесін алу тәртібі мен резиденттерге берілетін жеңілдіктер талқыланды. Сондай-ақ, қатысушылар Өзбекстанда BPO секторын дамыту қауымдастығын құру, сондай-ақ “ICT WEEK Uzbekistan 2022” аясында іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.