Еліміздің тарихи қалаларының орталықтарында Duty Free дүкендері құрылады

    Ел назарында 21 Oktabr 2021 1462

    Заңмен қолданыстағы Кеден кодексінің 81 бабына түзетулермен қосымшалар енгізеді, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    Аталмыш заң соңғы 2 жыл ішінде кәсіпкерлер тарапынан көтерген мәселелерді шешуге бағытталған. Сонымен, құжатпен нелер өзгереді?

    Кедендік құжатының ресімдеу мерзімі 3 күннен бір күнге дейін қысқарады.

    Тауарлар мен транспорт құралдарын кедендік режимге орналастыру жойылды.

    Қайта өңдеу нәтижесінде пайда болған тауарларды кеденнен шығару өкілетті тұлғалар тарапынан жүргізіледі. Бұрын кеден өздері қалаған бағаны қоятын, кәсіпкерлердің мүддесі ескерілмеген.

    Кедендік жүйеге өкілетті экономикалық оператор институты енгізілуде. Бұл кедендік есеп-қисаптарда адам факторының араласуын шектейді.

    Енді тек әуежайларда ғана емес, еліміздің тарихи қалалары Самарқант, Бұхара, Хорезм, Қоқан орталықтарында бажсыз сауда жасайтын «Duty Free» дүкендері құрылады.

    Тағы бір жаңалық. Кедендік жүйеге салық салудан босатылған тауарлардың тізімі енгізілуде. Бұл кәсіпкерлер үшін еркін саудаға кепілдік береді.

    Сонымен қатар, жүйеде апелляциялық кеңесі құрылады. Ол осы күнге дейін кәсіпкер мен кеден ортасындағы дау -дамайды сотқа дейін шешіп, қажетсіз қиналулардың алдын алады. Осыған ұқсас 80 -ге жуық өзгерістер осы заңда көрсетілген.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates