Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету Заңмен жетілдіріледі

    Ағымдағы жылдың 10 сентябрінде Сенаттың Қорғаныс және қауіпсіздік істері комитетінің мәжілісі өтті.

    Атап өткендей, соңғы жылдары елімізде жол қозғалысы ережелерін одан әрі жетілдіру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігін бақылау бойынша ауқымды жұмыстар атқарылып келеді.

    Сонымен қатар, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге және жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін арттыруға, жол қозғалысын ұйымдастыруды толық цифрландыруға бағытталған құқықтық базалар жасалды.

    Талқыланған Заңмен жол Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әлі де сақталып қалған жүйелі проблемаларды шешу, тұрғындарға қолайлылық жасау және заңды құрметтеуді қалыптастыру мақсатында өзгерістер енгізілуде.

    Заңмен Әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне фото және бейнетіркеу техникасы арқылы анықталған құқықбұзушылықтар бойынша дер кезінде азаматты хабардар ету және шаралар қабылдауға қатысты жаңа норма енгізілуде.

    Мұндай жол қозғалысы ережесін бұзғаны туралы ақпараттар 48 сағат ішінде Жол қозғалысы қауіпсіздігі қызметіне жолдануы тиіс, әйтпесе жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтыны белгіленуде.

    Талқыланған заң арқылы іс жүзіне енгізілген өзгертулер негізінде медициналық жедел жәрдем және өрт сөндіру-құтқару бөлімдерінің көліктері кешіктіруге болмайтын қызметтерін растайтын құжаттарды ұсыну талабы жойылды.

    Сондай-ақ скутер, жеке қозғалатын көлік құралдары көмегінде құқықбұзушылық жасағандығы үшін, сонымен қатар скутерлер, мопедтерді, велосипедтерді және тіркелген арбаларды басқарған, сондай-ақ жеке қозғалатын құралдар мен скутерлердің жүргізушілері адамдарды тасымалдағаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленуде.

    Заңға сәйкес, жол-патрульдік қызмет қызметкерлерінің қызметтік міндетін атқару кезінде жол ережесін бұзғандығын анықтаған жағдайда тәртіп бұзушыға сол жерде айыппұл салу құқығы жойылады.

    Министрлер Кабинетінің 2022 жылғы 12 апрельдегі 172-санды қаулысымен бекітілген Жол қозғалысы ережесінде жүк көліктеріне тек солға бұрылу немесе қайырылып алуға жолдың шеткі сол жақ қатарын иелеуге рұқсат етіледі, қалған жағдайларда сол жаққа қозғалуға тыйым салынады.

    Осы ережені бұзуда қолданыстағы заңнамада жаза шаралары белгіленбегендігі себептікөп жағдайларда жүргізушілержолдардың сол қатарында еркін қозғалуы байқалуда және бұл жағдай көлік жолдарында кептелістерге, апатты оқиғаларды туғызуда.

    Атап айтқанда, 2024 жылдың өткен 7 айында жүк көліктерінің соғылуымен болған 303 жол-көлік оқиғасы салдарынан 108 адам қаза тауып, 227 адам жарақат алған.

    Осы жағдайларды ескере отырып, Заңда жүк көлік жолдарының алыс сол жақ жолағымен (рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда) қозғалатын жүк көліктері үшін әкімшілік жауапкершілік белгіленген.

    Сонымен бірге, комитет мәжілісінде Өзбекстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңы да қаралды.

    Талқыланған мәселелер туралы Комитеттің тиісті қаулылары қабылданды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates