Жүйенің мақсаты – халықты риза ету. Бюрократия мен сыбайлас жемқорлықты тоқтату. Тұрғындардың мемлекеттік қызметтерге деген сұранысын уақтылы және сапалы қызмет көрсетумен қанағаттандыру.
Облыстардың аумақтардағы 19 аудандық және қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы азаматтардың жалпы 963 мың 446 өтінішіне оң шешім табылды. Соның 42 мың 259-ы жылжымалы негізде жүзеге асырылған.
Ең көп қызмет облыстың Ферғана қаласында көрсетілген. 124 мың 154 мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш түскен. Қува ауданында 94 мың 312 азаматтың өтінішіне мемлекеттік қызмет көрсетілген. Қоқан қаласында 87 мың 784, Марғылан қаласында тұрғын 72 мыңнан астам мемлекеттік қызмет алды.
Заңды кәсіпорын ашқан 9559 бизнес өкілдеріне де Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жедел қызмет көрсетілді. 14 036 кәсіпкер жеке тәртіпте қызмет көрсетілуі тіркелген.