2021 жылы 12 октябрьде Нұр-Сұлтан қаласында іс сапарымен жүрген Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов «Орталық Азия — Парсы шығанағы араб мемлекеттері ынтымақтастық кеңесі» (ПШАМЫК) форматындағы бірінші мәслахаттасу кездесуіне қатысты.
Шараға Орталық Азия мемлекеттері және Бахрейн сыртқы саясат мекемелерінің басшылар сондай-ақ Парсы шығанағы араб мемлекеттері ынтыақтастық кеңесі Бас хатшысы Наиф әл-Хажраф қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Парсы шығанағы араб мемлекеттері Бас хатшысы арасында өзара мәслахаттасу жүйесі бойынша Түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Құжат екіжақты қарым -қатынастың одан әрі кеңеюіне ықпал етеді және өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша үнемі мәслахаттар өткізуді қамтамасыз етеді.