Кездесуде ағымдағы жылдың 25 октябрінде Пусан қаласында (Корея Республикасы) сыртқы істер министрлер деңгейінде өтетін  «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумының алдағы 15-жиналысының күн тәртібі, бағдарламасы және ұйымдастыру мәселелері келісілді.

Қатысушылар биылғы 15 жылдығын атап өтіп жатқан осы форматтағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Жоғарыда айтылғандай, Корея Республикасы мен аймақ елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуы қарсаңында өтетін сыртқы істер басшыларының кездесуі тараптар арасындағы өзара  мүдделі ынтымақтастықты, сенім мен достық қарым-қатынастарды нығайтуға бағытталған маңызды оқиға болары сөзсіз.