Оны Олий Мажлис Сенатының төрайымы Танзила Нарбаева басқарды.
Атап өткендей, Парламентаралық одақтың 150-жылдық мерейтойлық ассамблеясы 2025 жылдың 5-9 апрель күндері Өзбекстанда өтеді.
190-ға жуық елдің парламенттерін бірлестіретін Парламентаралық одақтың Ассамблеясы жылына екі рет өтетіні белгілі. Бұл шара тек парламентаризм мен тұрақты дамудың оң тәжірибесі жоғары болған елдерде ғана өткізіледі.
Жиналыста Өзбекстанның Парламентаралық одаққа мүшелігі 2017 жылы қалпына келтірілгені атап өтілді. Өткен қысқа мерзім ішінде еліміз парламентаризм мен тұрақты даму саласында мол тәжірибе жинақтаған. Республикамыздың жетістіктерін ірі халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттер мойындап отыр.
Парламентаралық одақтың 150- Ассамблеясының Өзбекстанда өтуі тарихи шындық, өйткені мұндай шара Орталық Азия аймағында алғаш рет өткізіліп отыр.
Жиналыста Өзбекстанда өтетін бұл Ассамблеяның негізгі тақырыбы «Әлеуметтік өркендеу және әділеттілік жолындағы парламенттік іс-әрекеті» деп аталатыны және оның аясында бүкіл әлем парламенттері халықты әлеуметтік қорғау, кедейлікті азайту, құқытық үстемдікті қамтамасыз ету саласындағы тәжірибелер мен реформалар ортақтасу айтылды.
Сондай-ақ бір апта барысында Парламентаралық одақ комитеттерімен адам құқықтарын қорғау, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, ғылым мен техника, жастар мәселелеріне арналған түрлі шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.
Өз кезегінде, Сенат Төрайымы бұл тарихи және беделді конференцияда барлығы бірдей белсенділік танытуы керектігін, оны жоғары деңгейде ұйымдастыруға байланысты бірқатар міндеттерге тоқталды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.