2022 жылғы 20 октябрінде Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Фурқат Сидиқов «Орталық Азия + Жапония» диалогы жоғары лауазымды тұлғаларының онлайн түріндегі іс жүзіндік кездесуіне қатысты.
Кездесуде Токиода өтетін «Орталық Азия + Жапония» диалогы сыртқы істер министрлерінің 9-конференциясының күн тәртібі, тұжырымдамасы мен бағдарламасы талқыланды.
Қатысушылар аумағымыз бен шет мемлекет арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың алғашқы платформаларының бірі болған осы формат аясындағы өзара ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады.
Кездесуде сөз сөйлеген қатысушы елдердің өкілдері ынтымақтастықтың өзекті мәселелеріне тоқталып, серіктестікті одан әрі тереңдету бойынша ұсыныстарын ортаға салды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.