Орталық сайлау комиссиясында жастармен кездесу өтті

    Бүгін Орталық сайлау комиссиясының Баспасөз орталығында жастармен кездесу өткізілді.

    Кездесуде ағымдағы жылдың 27 октябрінде өткізілетін Олий Мажлистің Заң шығару палатасы мен жергілікті Кеңестер депутаттарының сайлауы жаңартылған Конституциямызда нығайтылған күшті парламентаризм және жергілікті өкілдік органдардың өкілеттері айтарлықтай дәрежеде күшейтілген жағдайда өтуі, сондай-ақ алғаш рет Заң шығару палатасы аралас сайлау жүйесі негізінде өтетін сайлаудың маңызы мен ерекшелігі туралы айтылды.

    Өзбекстан Республикасының Конституциясы мен Сайлау кодексіне сәйкес, азаматтар 18 жастан бастап сайлау құқығына ие болады. Биылғы сайлауларда 700 мыңға жуық жас алғаш рет дауыс беру құқығын пайдаланады. Бұл сайлау заңнамасының мазмұн-ерекшелігі бойынша жастар арасында насихаттауды одан әрі күшейтуді талап етеді.

    Сондай-ақ, еліміздің 20 мыңға жуық жастары сайлау комиссияларының қызметіне тікелей қатысуы арқылы өздерінің саяси белсенділігін көрсетіп келуде.

    Біздің ұлттық сайлау заңнамасына сәйкес, Заң шығару палатасы депутаттығына кандидаттар 25 жаста, ал жергілікті Кеңестер депутаттығына кандидаттар 21 жасқа толған болуы қажет.

    Осы жерде айта кететін жайт, бұрынғы сайлауларға қарағанда кандидаттар әлдеқайда жас. Биылғы мемлекеттік биліктің өкілдік органдарының сайлауларында депутаттыққа үміткерлердің 3 мыңнан астамын жастар құрайды.

    Кездесуде дауыс беру және сайлану — бұл жастардың конституциялық құқығы ғана емес, азаматтық борышы екені баса айтылды.

    Бұл ретте, кездесу қатысушыларына ұлттық сайлау практикасына ұсынылған жаңалықтардың бірі «E-Saylov» ақпараттық жүйесі мен оның артықшылықтары, сондай-ақ сайлау кампаниясының маңызды басқыштары туралы мәліметтер берілді. Қатысушылардың сайлауға қатысты ой-пікірлері тыңдалып, сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.

    Сонымен қатар, шара қатысушылардың дауыс беру тәртібі бойынша білімдері мен дағдыларын жетілдіру мақсатында симуляцион сайлау учаскесінде сайлау күніндегі дауыс беру үдерісіне тікелей практикалық іс-әрекеттер мысалдарымен жан-жақты түсіндірілді.

    Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.


    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates