Шерзод Асадов сатылымға қойылған «Баспасөз үйі» деген атпен белгілі ғимарат сатылымнан алынып, БАҚ-қа, соның ішінде баспа басылымдарына да қалдырылатынын айтты.
“Баспасөз үйінің” сатылуы журналистер тарапынан мақұлданмаған және бірқатар сынға ұшырады.
Шерзод Асадовтың айтуынша, бұл мәселе Президенттің бақылауында болады, ғимарат заман талабына сай қайта жаңғыртылып, БАҚ өкілдеріне, Журналистер одағының пайдалануына беріледі.
Сондай-ақ БАҚ, баспа-полиграфия және Журналистер одағының қызметін қолдап-қуаттау мақсатында арнайы қаулы жобалары даярланып жатқаны айтылды.