Бұл салада көптеген жеңілдіктер беріліп, түрлі бастамалар қолдауға ие болуда. Туристік ауылдарда қажетті инфрақұрылым жасалып жатыр. Осындай мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, үйінде қонақ үй ашқан азаматтар саны артты.
Соңғы жылдары «Кумушконға» келетін туристер саны едәуір көбейген. Қазіргі таңда бұл жерде 80-нен астам отбасы өз үйінде шағын қонақ үй ашқан. Бұл үйлер жылына 172 мыңға жуық туристке қызмет көрсетуде.
Солардың бірі — Олим Юсубов. Ол сай жағасындағы ауласында 48 орынға арналған қонақ үй ашқан. Бөлмелер ұлттық стильде, жайлы етіп жабдықталған. Бұл қонақ үй жыл сайын 2 мыңнан астам туристі қабылдайды.
Мемлекет басшысы мұндағы тәртіп пен іскерлік көңіл-күйді көріп, осындай жобаларды басқа көрікті жерлерде де дамыту қажет екенін атап өтті. Кәсіпкерлерге қажетті қаржылай қолдау көрсету және қосымша қызметтерді жолға қою үшін жауапты тұлғаларға тапсырмалар берді. Махаллалардағы ішкі мүмкіндіктерді іске қосу – халықты еңбекпен қамтудың маңызды көзі екені айтылды.
Бұл аймақтарға туристер табиғаттың көркем көрінісінен ләззат алу үшін келеді. Сонымен қатар, Масжидали зиярат орны да ерекше назар аударарлық нысандардың бірі.
Қазіргі таңда Ташкент облысында мыңға жуық осындай қонақ үйлер бар. Олар арқылы 2 500-ден астам жұмыс орны ашылған.