Ұсынылған 75 × 75 × 2 мм өлшеміндегі шиша бөлігі 75,6 ГБ мәліметтерді жадында сақтауға қабілетті.
Оның бір кемшілігі – пластинкадағы мәліметтерден нұсқа көшіру мүмкін емес. Сынақ ретінде кварц бөлігіне 1978 жылы түсірілген «Супермен» фильмі жазылған.
Жазып алу үдерісінің өзі жүздеген мәліметтер қабаттарын енгізудің күрделі үдерісі болып табылады, кейіншелік нейрондық желілер көмегімен оқылады.
Пластинаның артықшылығы сонда, үлкен көлемдегі мәліметтер шағын пластинаға орналастырылады. Бұдан тыс, мұндай кварц шишасы 500 градустан жоғары температураға төтеп бере алады, соққыларға, суға, химиялық әсерлерге және басқа да факторларға төзімді және оның қызмет ету мерзімі жүздеген, тіпті мыңдаған жылдарды құрайды.
Жобаны дамытудың алғашқы сатысында, инженерлер жазу жылдамдығы мен деректерді сақтауды оңтайландыру үстінде жұмыс істеуде.









