Ұлттық зерттеу университеті еліміздің экономикасы үшін жетік кадрларды даярлауға үлес қосуды жалғастыруда

    Білім 24 Iyun 2022 5203

    Осы жылғы 22 июньде «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механизациялау инженерлері институты» Ұлттық зерттеу Университетінің бітірушілеріне салтанатты түрде диплом тапсыру рәсімі болды.

    Шараға Ұлттық зерттеу университетінің Басқару кеңесінің төрағасы, Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары-инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаков, университет ректоры Б Мирзаев, түрлі кеңсе басшылары, оқу орындарының профессор-оқытушылары, бітірушілер, олардың ата-аналары мен туыстары қатысты.

    Шарада сөз сөйлеген С.Умурзаков еліміздің сенімі болған Университет бітірушілеріне үлкен жауапкершілік жүктелгеніне тоқталып, білім беру мекемелері дәстүрлерінің үздіксіздігін сақтау, сондай-ақ қазіргі дәуір мен заманалық технологиялық даму деңгейі жас мамандардан талап етіп жатқан түбегейлі жаңа дағдылар мен инновациялық шешімдерді игеру және іс жүзіне енгізу маңызды екенін айтып өтті.

    Басқару кеңесі тарапынан Университет бітірушілеріне иелеген дағдыларын тиімді қолдау, шығармашылық әлеуетін жүзеге шығару және кәсіби жақтан одан әрі өсіруде көмектесу практикасы жалғастырылатыны айтылды, деп хабарлайды Инвестициялық және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    Мәлімет ретінде: «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механизациялау инженерлік институты» Ұлттық ғылыми-зерттеу универститеті Өзбекстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 10 декабріндегі № ПҚ-42-санды Қаулысына сәйкес 1923 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механизациялау инженерлері институтын трансформациялау жолы арқылы құрылды. Университет 7 факультеттен құралған болып, онда 5 830 студент білім алады. Биыл университетті 908 бакалавр және 242 магистр аяқтады.