«Миллий тикланиш» және УзЛиДеп партияларының Заң шығару палатасындағы фракциялары бірігіп, «Даму блогын» құрды

    «Даму блогы» тұрақты экономикалық өсу арқылы халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуді, ұлттық мүдделерді берік қорғауды, көп ғасырлық ұлттық тарихи тәжірибеге сүйене отырып жұмыс істеуді маңызды деп санайды.

    Өзбексстан Республикасының Олий Мажлисі Заңшығару палатасындағы Кәсіпкерлер мен бизнесмендер қозғалысы – Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясының фракциясы мен «Миллий тикланиш» демократиялық партиясының фракциясы «Даму блогын» құру туралы келісімге қол қойды.

    «Даму блогы» 93 депутатты бірлестіріп, парламенттегі көпшілікті құрап, жетекші саяси күшке айналды.

    Бұл блокты құрудағы басты мақсат – Кәсіпкерлер мен бизнесмендер қозғалысы – Өзбекстан Либералдық-демократиялық партиясы мен «Миллий тикланиш» демократиялық партиясы фракцияларының іс-әрекеттерін бірлестіру арқылы партиялардың бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін тиімді жүзеге асыруға қол жеткізу.

    Партиялардың пламенттегі біртұтас күш ретіндегі бірлесуіне бағдарламалық мақсаттар, саяси идеология мен бағыттардың ортақтығы мен идеялық үйлесімділігін, сондай-ақ, көп жылдық қызметі барысында жинақталған тәжірибеге негізделіп қызмет етеді.

    Екі партияның бағдарламалық көзқарасы, мақсаты пен міндеттері жағынан өзара жақын. Саяси аренада әр екі партия да идеологиялық тұрғыдан оң қанатта орналасып, УзЛиДеП оң-орталық, “Миллий тикланиш” демократиялық партиясы оң партия саналады.

    «Даму блогы» тұрақты экономикалық өсу арқылы халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуді, ұлттық мүдделерді берік қорғауды, көп ғасырлық ұлттық және тарихи тәжірибеге сүйене отырып жұмыс істеуді маңызды деп санайды. Ол Өзбекстанның гүлденуін фракцияларды біріктіретін басты фактор деп біледі.

    Партиялардың арасындағы ынтымақтастықтың нәтижелері бүгінгі күнде айқын көрінуде. Бірлескен іс-әрекеттердің нәтижесінде елімізде маңызды реформалар жүзеге асырылды.

    Пратиялардың қоғам мен мемлекет үшін өзекті мәселелерді шешудегі ынтымақтастық тәжірибесі осы іс жүзіндегі парламент қызметіне қолдануға мүмкіндік береді.

    Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, ұлттық мүдделерді жүзеге асыруға және елдің дамуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шешімдер қабылдау үдерістерінде екі партия біртұтас күш ретінде белсенді қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасалады.

    «Даму блогы» қызметінің басым бағыттары ретінде төмендегілер белгіленді:

    ұлттық экономикаға мемлекет қатысуын қысқарту және экспорттық әлеуетті арттыру, монополиялық салаларды базар қағидаттарына өткізу;

    әрбір азаматтың жеке меншік құқығының бұзылмауын қамтамасыз ету, азаматтардың экономикалық қызмет еркіндігін ынталандыру арқылы халықтың өмір сүру деңгейін арттыру үшін жағдайлар жасау;

    сөз еркіндігіне қарсы кез келген әрекеттерге қарсы тұру және тәуелсіз беймемлекеттік баспасөз жүйесінің дамуын қолдап-қуаттау және еркіндік пен жариялылық саясатын дәйекті түрде жүргізу;

    білім сапасын арттыру және адами әлеуетті дамыту, беймемлекеттік білім беру ұйымдарын қолдап-қуаттау, мемлекеттік және беймемлекеттік білім беру ұйымдары арасында салауатты бәсекелестік ортаны қалыптастыру;

    денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру, медициналық сақтандыруды енгізу, беймемлекеттік медициналық ұйымдарды дамыту;

    салықтық әкімшілік жүйесін жеңілдету, барлық кәсіпкерлерге салық төлеуде әділетті және тең жағдай жасау, салық мөлшерлемелерінің өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін саясат жүргізу;

    мемлекеттік бюджет қаражаттарын қысқарту, цифрландыру арқылы бюрократияны жою, мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жеке сектордың қатысуын кеңейту;

    азаматтардың жеке таңдау жасауға жекеменшік қорға зейнеткерлік жүйесін жарату, бәсекеге қабілетті және базар механизмдері арқылы басқарылатын заманалық, жариялылық зейнеткерлік жүйесіне өту;

    елдің егемендігі мен қауіпсіздігіне кепілдік береді.

    Өзбекстан Либерал-демократиялық партиясы мен «Милли тикланиш» демократиялық партиясының фракциялары осы блок арқылы ортақ мүдделерге қол жеткізу үшін тиімдірек ынтымақтастық орнатпақ.

    Бұл бастама ұлттық мүддеге қызмет етіп, елді неғұрлым дамыған, қуатты, әділ және заманауи мемлекетке айналдыру жолындағы маңызды қадам болмақ.

    Партиялар электорат сенімі мен қолдауын ақтау үшін өз қызметін тиімді жалғастырады.

    No date selected
    December 2025
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates