Минск қаласында байланыс саласындағы Аймақтық Достастық атқару комитетімен кездесу өтті

    Беларусь Республикасының Минск қаласында, «Белпочта» Республикалық Унитарлық кәсіпорнында Беларусь Республикасы байланыс және ақпараттандыру министрі К.К. Шулган мен Байланыс саласындағы Аймақтық Достастық Атқару комитетінің Бас директоры Н.Н.Мухитдинов, Байланыс саласындағы Аумақтық Достастық (БСАД) Атқару комитеті Бас директорының орынбасары Н.Й. Зоря және Байланыс саласындағы Аумақтық Достастық нормативтік құжаттарды қайта қарау бойынша жұмысшы топ төрағасы «UNICON.UZ» МУК директоры М.М.Махмудовтардың қатысуында кездесу өтті.

    Кездесу кезінде, байланыс және ақпарат-коммуникация технологияларын дамыту бағыттары бойынша мемлекетаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері және Байланыс саласындағы Аймақтық Достастықтың бұл реттегі орны және Байланыс саласындағы Аймақтық Достастықтың 30 жылдығы тойлануы талқыланды.

    Сонымен қатар БСАД Атқару комитетінің бас директоры аймақтық телекоммуникация инфрақұрылымы және ақрапат-коммуникация қызметтерін дамытуға қатысып жатқан Беларусь Республикасының жетекші беделіне, сондай-ақ БСАД жұмысшы органдары қызметіне ерекше назар қаратылды.

    Кездесу аясында 2021 жылы 22-24 ноябрь күндері Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) өткізілуі жоспарланып жатқан БСАД құзырындағы ақпараттандыру бойынша Сәйкестендіру Кеңесі мен БСАД байланыс әкімшіліктер басшылары Кеңесінің кезектегі 57/27 біріккен Мәжілісіне дайындық көрудің ділгір мәселелері талқыланды.

    Кездесу соңында, БСАД Атқару комитетінің бас директоры үстіміздегі жылдың август айында Котдълвуардың Абджан қаласында өтетін 27-Дүниежүзілік почта конгресі аясындағы сайлауда Беларусь Республикасын Шығыс Еуропа және Солтүстік Азия аймақтық Дүниежүзілік почта одағының әкімшілік кеңесі құрамына сайлануын жоғары бағалады, деп хабарлады Ақпарат технологияларын және коммуникацияларын дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.