Достық үйінде өткен құрылтай жиналысында Беларусь пен Өзбекстан арасында орнатылған достық пен сенімді қарым-қатынастың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, көптеген бағыттар бойынша қарым-қатынастар дамып келеді. Халық дипломатиясы мемлекетаралық қарым-қатынастарды толықтырушы және жалғастырушы болып табылады.
Жиналыста Беларусь Шетелдермен достық және мәдени байланыстар қоғамының төрағасы Нина Иванова осы қоғамның құрылуы Өзбекстан мәдениетін , тарихын және салт-дәстүрлерін жақынан тануға, сондай-ақ ауқымды шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті, деп хабарлайды «Дунё» АА.
«Беларусь—Өзбекстан» қоғамы басқаруының құрамына түрлі сала өкілдері енгізілгені Беларусь -Өзбекстан қарым-қатынастарының белсенді дамуын көздейді. Беларусь Өзбекстанның әлем елдерімен байланысында ерекше орын иелейді. Елдеріміздің арасындағы географиялық алшақтығына қарамастан, Өзбекстан мен Беларусьтың ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді. Екі дос елдің халықтары өте жақын әрі жалпы ортақ жақтары байланыстырады», — деді жиналыста Өзбекстанның уақытша істерінің өкілі Рахматулла Назаров.