Шараны Олий Мажлис Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева мен Беларусь Республикасы Ұлттық мәжілісі Республикалық Кеңесінің төрайымы Наталья Кочанова кіріссөзбен ашты.
Сондай-ақ жалпы мәжілісте екі ел үкіметтерінің өкілдері, министрліктер мен кеңселердің басшылары сөз сөйлеп, Өзбекстан-Беларусь әйелдер бизнес-форумының нәтижелері екі ел арасындағы тиімді экономикалық серіктестіктің жалғасуына негіз болатынын айтты.
Бұдан тыс, қатысушылар бірінші бизнес-форум нәтижесінде қол жеткізілген ынтымақтастық байланыстар жаңа болашағы зор жобаларға жол ашатынын тілге тиек етті.
Өз кезегінде, сұхбат барысында химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты кеңейтудің, озық технологиялармен алмасудың, өндірушілер арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің мақсатқа сай екендігі баса айтылды.
Сонымен қатар, жаһандық ауқымдағы «жасыл күн тәртібінің» өзектілігін ескере отырып, электр энергетикасы мен «жасыл» энергетика саласындағы ынтымақтастыққа басымдық беріліп, ғылым-білім және инновациялар саласында да белсенді ынтымақтастық қажеттілігі білдірілді.
Диалог барысында форум аясында қол жеткізілген бизнес-жобалар мен келісімдердің жүзеге асуына парламенттік бақылау орнату, студенттердің, оқытушылардың, түрлі қызмет мамандарының өзара тәжірибе алмасуы мен тағылымдамадан өтуін кеңейту, экологиялық қауіпсіздік кепілдіктерін жүзеге асыруда ынтымақтастық жасау сияқты ұсыныстар да ортаға салынды.
Жалпы мәжіліс соңында екі елдің бизнес топтары мен іскерлері арасында қызметтер саласы, химия және ағаш өңдеу, жеңіл, азық-түлік өнеркәсібі, машина жасау және электротехника өнеркәсібі, электр энергетикасы және «жасыл» энергетика сияқты экономиканың түрлі салаларында ынтымақтастық туралы келісімдер мен коммерциялық бітімдерге қол қойылды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.