Мысырдан гепатит С-ға қарсы дәрінің оныншы партиясы жеткізілді

    Денсаулық 17 Iyul 2023 1320

    Үстіміздегі жылдың 15 июлінде «Uzbekistan Airways» авиакомпаниясы Мысыр үкіметі елімізге гуманитарлық көмек ретінде бөлген «С» гепатитіне қарсы «Даклатасвир» препаратының оныншы бөлігін Шарм-аш-Шайхтан Ташкентке жеткізіп берді.

    Жалпы көлемі 114 қораптағы 3 мың данадан астам «Daclatasvir-60 mg» препараты Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Вирусология ғылыми-зерттеу институтында емді қажет ететін науқастарға таратылады, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    Айта кету керек, Мысыр гепатит «В» және «С» вирустарына қарсы күресте әлемде айтарлықтай табысқа жеткен.

    Мысыр Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ел тұрғындары бұл дерттен толық айыққан.

    Мамандардың айтуынша Мысыр үкіметі мұндай жетістіктерге жету үшін «100 миллион салауатты өмір» ұлттық бағдарламасын әзірлеп, оны сәтті жүзеге асыруда. Әлемнің танымал фармацевтикалық компанияларымен тығыз ынтымақтастық байланыстарды орнату мен кеңейту басты назарда.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates