Өзбекстан Президентінің С гепатиті ауруын 100 пайыз емдеу бойынша бастамасын жүзеге асыру аясында 14 декабрь күні «Uzbekistan Airways» авиакомпаниясы Мысыр үкіметі тарапынан елімізге гуманитарлық көмек ретінде бөлінген «С» гепатитіне қарсы «Софосбувир-400мг» дәрі-дәрмегін Шарм аш-Шейхтен Ташкентке жеткізу үдерісін қайта жолға қойды, деп хабарлайды "Дунё" АА.
Осы сегізінші партиядағы көмек жалпы 30 дана құтыларда 7200 дана "Софосбувир-400mg" дәрі-дәрмектерді қамтиды.
Дәрі-дәрмектер Өзбекстан Денсаулық сақтау министрлігі қасындағы Вирусология ғылыми-зерттеу институты тарапынан емделіп жатқан науқастарға бөліп беріледі .
Өзбекстан елшілігінің хабарлауынша, Мысыр үкіметі жалпы құны 4,2 миллион АҚШ долларына тең болған жалпы 800 мың дана (шамамен 40 тоннаға жуық) С гепатитіне қарсы "Даклатасвир" мен "Софосбувир", В гепатитіне қарсы "Энтекавир" дәрі-дәрмектерді қайтарымсыз грант көмегі ретінде Өзбекстанға берілуі бойынша келісімге қол жеткізілген.
Осы уақытқа дейін салмағы 13,4 тонна, жалпы құны 1461 мың долларды құрайтын бұл препараттар елімізге кезең-кезеңімен әкелінді.