Белгілі болғандай, Өзбекстан Республикасы Президентінің басшылығында «Науаи облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша қосымша мүмкіндіктерді пайдалану және жүзеге асырылуы қажет болған негізгі міндеттерге» арналып өткізілген жиында Ветеринария және шаруашылықты дамыту комитетіне 2024-2026 жылдарда Моңғолиядан 20 мың бас қой-ешкі заты мал тұқымын әкелу міндеті жүктелген.
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру аясында, бірінші кезеңде мың бас “Баят” затты қой артылған әуе кемесі Науаи атындағы халықаралық әуежайға қонды.
Айта кету керек, бұл қой тұқымы ет және жүн өндіруге арналған. Саулықтардың тірідей салмағы 70-80 килоға, қошқарлары 100-120 килограмға жетеді. Ет өнімділігі тірі салмақтың 60 пайызын құрайды.
Кенимех ауданында оларды күтіп-баптауды дұрыс ұйымдастыру мақсатында мықты әрі ірі жем қоры жасалып, ветеринарлық-санитарлық шаралар жүргізілді. Тәжірибелі мамандар мен мал шаруашылығы саласының ғалымдары бекітілді.
Осыған байланысты жұмыстар жалғасуда. Алдағы уақытта қойдың санын 50 мың басқа жеткізу жоспарлануда.






