Жұмысшы топтың жиналысында тиісті министрліктер, кеңселер, сала бірлестіктері басшыларының қатысуымен екі ел арасындағы сауда байланыстарды кеңейту іс-шараларына қатысты кең ауқымды мәселелер қаралды.

Өзара сауда айналымының тұрақты өсуінің оң динамикасы атап өтілді. Оның көлемі соңғы 7 жылда 2,5 есеге, үстіміздегі жылдың басынан бері 30 пайызға артты. Оған басқа факторлармен қатар, Өзбекстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік режімі аясында қол жеткізілгені атап өтілді. Сонымен қатар, екіжақты сауданың құрамы күрт кеңейіп, жоғары қосылған құны бар өнімдердің үлесі артты.

Екі мемлекет басшылары алға қойған мақсатқа – 2030 жылға дейін өзара тауар айырбастау көлемін 30 миллиард долларға дейін жеткізуге елдерімізде барлық қажетті мүмкіндіктер бар екені айтылды.

Кездесуде тараптар Жоспардағы міндеттерді жүзеге асырудың ағымдағы жағдайын жан-жақты зерделеп, осы бағыттағы жұмысты жеделдету бойынша біріккен іс-шараларды әзірледі.

Сапардың бағдарламасына сәйкес Лазиз Қудратов Бүкілресей сыртқы сауда академиясына (БССА) барды. Ректор Виттория Идрисова білім орнында студенттердің сапалы білім алуына жасалған жағдаймен таныстырды. Ташкент қаласында Академияның филиалын ашу бойынша ИӨСМ және БССА арасындағы ынтымақтастық бағдарламаларын жүзеге асыру, атап айтқанда, Ташкент қаласында Академияның филиалын ашу және сыртқы экономикалық қызмет саласына мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру бағдарламаларын іске асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Өзбекстан делегациясының Ресей Федерациясына сапары жалғасады.