Бұл шара Ресей жұртшылығына Өзбекстанның бай мәдени мұрасын, оның көп ғасырлық дәстүрлерін, заманалық өмірімен және жетістіктерімен танысуға бірегей мүмкіндік ашады. Көрермендер Өзбекстанның белгілі өнерпаздарының орындауындағы өзбек, орыс және әлем классиктерінің шығармаларын тамашалайды.
Бағдарламаның орталық шарасы – Өзбекстан өнер шеберлерінің қатысуымен гала-концерт саналады. Оған Өзбекстан Қаһарманы Муножот Йулчиева, халық әртістері Озодбек Назарбеков, Фаррух Зокиров, Севара Назархан, Гулсанам Мамазоитова, Айгүл Нодирова, еңбегі сіңген әртістер Озода Нурсаидова, Ілияс Арабов, дарынды орындаушылар Ширин Маматова, Сабина Мустаева қатысады. Концерттік бағдарламадан сондай-ақ, халық әртісі Камолидин Уринбоев басшылығындағы Мемлекеттік симфониялық оркестрі және Мукаррама Турғунбоева атындағы “Бахор” мемлекеттік би ансамбілінің орындауы да орын алған.
Екі сағаттық концерттік бағдарламада өзбек халық әндері, билері мен әлемдік опера классикасының жауһарлары орындалды. Бағдарламаға енген әрбір туынды Отанға деген сүйіспеншілік пен ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуден тұрады.
Шара аясында Өзбекстанның тарихы, мәдени дәстүрлері мен күнделікті тұрмыс-тіршілігінен сыр шертетін фотокөрме ұйымдастырылады. Онда еліміздегі маңызды оқиғалардың, сәулеткерлік ескерткіштерінің және заманауи өзгерістердің 80-нен астам бірегей фотосуреттері қойылған.
Қонақтар Өзбекстанның мәдени және әлеуметтік салалардағы жетістіктерін фотосуреттерден көре алады.
Шараға Ресей мен Өзбекстанның ресми тұлғалары, мәдени және іскер топ өкілдері, дипломаттар мен өнер қайраткерлері қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды "Дунё" AA.