Қорғаныс министрінің жүктелген міндеттердің орындалуы және әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен қабілетін арттыру, заманауи қару-жарақ және әскери техникамен қамтамасыз ету, сержанттардың қызметін жетілдіру және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы есебі тыңдалды.

Атап айтқанда, қысқа мерзімде әскерлердің жауынгерлік әзірлігі мен әскери кадрлардың дайындығын арттыру, әскери бөлімдер мен бөлімдердегі әскери тәртіпті нығайту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Әскерлердің қызметін цифрландыру міндеттеріне ерекше назар аударылды. Әскерлерді басқарудың заманауи автоматтандырылған жүйелерін кезең-кезеңімен енгізу және байланыс жүйесін жетілдіру бойынша қабылданған шаралар атап өтілді.

Қарулы Күштердің құрылымын жетілдіру, ұлттық армияны заманауи қару-жарақ және әскери-техникалық құралдармен қамтамасыз ету, қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту қажеттігі баса айтылды.

Соңында Мемлекет басшысы Қарулы Күштердің қызметін одан әрі жетілдіру және елдің қорғаныс қабілетін арттыру бойынша қосымша тапсырмалар берді.