Мемлекет басшысы бірнеше маңызды жобалар таныстырылымына қатысты

    Билік 11 Avgust 2021 6261

    Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев 11 тамызда Ташкент қаласында қызмет көрсету саласында жаңа жұмыс орындарын ашу мен Сұрхандарья облысын ауыз сумен қамтамасыз етуді жақсарту жобаларының таныстырылымына қатысты.

    Қазіргі таіда Сұрхандария облысы тұрғындарының 46 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмаған. 218 су шаруашылығы мен 3 мың шақырымнан астам желі жөндеуді қажет етеді. Судың минералдану мөлшері облыстың оңтүстік аудандары мен Терміз қаласында өсті.

    Сондықтан, президент Шавкат Мирзияев 2 маусымда Сұрхандария облысына сапары кезінде «Топалаң» су қоймасынан ауыз су желісін жүргізуді тапсырды. Осыған орай, бастапқы жоба әзірленді.

    Жоба бойынша су қоймасының төменгі бөлігінде қысымды төмендету, су тазарту және тарату қондырғылары салынады. Ол жерден аудандық су тарату орталықтарына барлығы 361 шақырым құбыр тартылады. Бұл жүйенің нәтижесінде Сариосиё, Денов, Шурчи, Қумқурған, Жарқурған, Бандихан, Қизириқ, Шерабад, Ангор, Музрабат, Терміз аудандары мен Терміз қаласының 1,7 миллион тұрғынын сумен қамтамасыз ету жақсарады.

    Жобаның жалпы құны 138 миллион долларға бағаланып, ол 2024 жылы іске қосылады деп жоспарлануда.

    Мемлекет басшысы жобаны мақұлдап, оны кезең -кезеңімен жүзеге асыруды тапсырды.

    Қызмет көрсету саласы экономикада да, әлеуметтік өмірде де маңызды рөл атқарады. ӨР Президентінің «Қызмет көрсету саласын дамытуды жеделдету шаралары туралы» 11 мамырдағы қаулысында бұл секторды экономиканың маңызды драйверіне айналдыру және 2023 жылға қарай қызмет көрсету көлемін екі есеге арттыру міндеті қойылған. Сәйкесінше, 2021-2023 жылдары қызмет көрсету саласын дамытудың аймақтық бағдарламаларын бекіту міндеті тұр.

    Бұл тұрғыда Ташкент қаласының әлеуеті зор. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың маусым-желтоқсан айларында қызмет көрсету саласында 415 мың жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Жоспар тәулік бойы жұмыс істейтін, жеке кәсіппен айналысатын, бірінші қабат пен жертөлелерді жалға алатын жаңа кәсіпорындар мен коммерциялық және ойын-сауық көшелерін құру арқылы жүзеге асады. Осы салада маусым-шілде айларында 24 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған болса, 17 мың азамат жұмысқа орналасты.

    Президент бұл тәжірибені елдің басқа аймақтарында қолдануды тапсырып, заңнамаға өзгерістер енгізу және оларға қаржылық жеңілдіктер беру арқылы қызмет көрсетушілердің қызметін ресімдеудің маңыздылығы айтты.