Баламалы энергия көздерінен пайдаланып жүк автомобильдері өндіріледі

    Өнеркәсіп 26 Sentabr 2023 1327

    Үстіміздегі жылдың 25 сентябрінде Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары Олимхан Рустамов пен FAW Jiefang Automobile директорлары кеңесінің төрағасы және партия комитетінің хатшысы Ху Ханзе арасында келіссөздер жүргізілді.

    Анықтама үшін: 1953 жылы негізі қаланған FAW Group Қытайдағы алғашқы машина жасау компанияларының бірі болып табылады. Автомобиль өндіру көлемі бойынша Қытайда екінші орында, ал ауыр жүкті таситын коммерциялық көліктер бойынша бірінші орында. Компанияның орта және үлкен көлемді көліктері Қытайдағы ең көп сатылатын жүк көліктерінің қатарында.

    Сұхбат барысында Қытайдың China FAW Group Co Ltd компаниясының Өзбекстанның UzAuto Trailer және Vodiy Universal Кешенді компанияларымен бірге Әндіжан облысында түрлі көлемдегі жүк автомашиналарын өндіру бойынша біріккен жобаларды жүзеге асырудың ағымдағы жағдайы талқыланды.

    Бұл ретте, баламалы энергия көздерін пайдалана отырып, түрлі көлемдегі жүк көліктерін шығару бойынша автомобиль өнеркәсібін дамыту болашақтары қарастырылды. Өңірдегі тиісті шағын және орта бизнестің өсу факторы ретінде осы салаларды дамыту маңыздылығы атап өтілді.

    Кездесу соңында тараптар тақылаған жобалар мен бастамалар аясында ынтымақтастықты кеңейту бойынша кезектегі шаралар белгіленді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates