Бұл ретте оқуға  қабылдау Отбасы және әйелдер мемлекеттік комитеттің ұсыныс хаты  негізінде жүзеге асырылады.

  • Оқуға кіру мақсатында ұсыныс хатын алу үшін үміткер төмендегі өлшемдердің барлығына сай келуі қажет:

- орта арнаулы немесе кәсіптік білім беру мамандыққа ие болуы;

- ұсыныс хат алғанға дейін жоғары білім алмағаны немесе алмай жатқаны;

- орта арнаулы немесе кәсіптік білім  мамандығы бойынша  5 жыл еңбек өтелі болу керек.

- Ұсыныс хат берілген күннен бастап 3 жыл барысында тек  бір рет ЖОО-на қабылдануы үшін жарамды болып табылады.

Ұсыныс хаты бар әйелдерге арналған жалпы тәртіпте мемлекеттік ЖОО-ның бакалавриатқа оқуға қабылдау үшін кіру емтихандары (тест сынақтар, кәсіптік (шығармашылық) емтихандар) аясында өткізіледі.

Қабылдау емтихандары аяқталғаннан кейін студенттікке ұсынылмаған, бірақ жинақтаған ең жоғары балдың кемінде 30%-ын құрайтын ұсыныс хаты бар әйелдерге балл жинау ретін қатаң сақтай отырып, ақылы түрде оқуға ұсынылады.