Мемлекет басшыларының қатысуымен бірқатар маңызды екіжақты құжаттар мен келісімдерге қол қойылды.

Олар қатарында:

– Өзбекстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2024-2025 жылдарға арналған ынтымақтастықты дамыту бойынша іс-шаралар жоспары;

– Өнімді сертификаттаудың электрондық жүйелерін пайдалану туралы келісім;

– Бәсекелестікті дамыту, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және жарнама нарығын реттеу саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

– Ғылым және өндіріс саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

– Ташкент пен Минск қалалары арасында бауырластық қарым-қатынас орнату және көпжақты ынтымақтастықты дамыту туралы келісім;

– Энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;

– Зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;

– 2024-2025 жылдарға арналған спорт саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы;

– 2024-2025 жылдарға арналған мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы;

– 2024-2025 жылдарға арналған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы;

– 2024-2025 жылдарға арналған білім беру саласындағы ынтымақтастықтың «жол картасы»;

– 2024-2026 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешендегі ынтымақтастықтың «жол картасы»;

– өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары;

– 2024-2025 жылдарға арналған туризм саласындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-шаралар жоспары.

Сонымен қатар, сапар аясында Өзбекстан Республикасы мен Беларусь Республикасы делегацияларының 2024 жылғы өзара сапарларының кестесіне қол қойылды.