Бұл құжатта елімізде 2022 жылғы Наурыз жалпыұлттық мейрамы «Қош келдің, Наурыз – жаңару, мейір-шапағат және қадір-қасиет мерекесі!» деген негізгі идея бойынша жалпыхалықтық сейілдер түрінде жоғары деңгейде тойлау жоспарлануда.
Премьер-министрдің басшылығымен ұйымдастыру комитетіне аумақтарда, қалаларда және ауылдарда Наурыз мейрамын жаппай сейілі түрінде кеңінен атап өтуді қамтамасыз ету жүктелді.
Атап айтқанда, Ташкенттегі Жаңа Өзбекстан кешенінде арнайы бағдарламалар негізінде халықтық сейілдері ұйымдастырылады.
Мерекеге орай «Темір дәптерге», «Әйелдер дәптеріне» енгізілген Екінші дүниежүзілік соғысының қатысушылары мен ардагерлері, аға буын өкілдері, Мейірбандық пен мейірімділік үйінің бүлдіршіндері, Қайырымдылық үйінің тұрғындары , «Жастар дәптеріне» және «Мейірімділік дәптеріне» енгізілген көмекке мұқтаж жандардың халінен хабар алу, оларға риясыз қайырымдылық шаралары жүзеге асырылады.
Сондай-ақ «Жасыл кеңістік» жалпыұлттық жобасында көрсетілген іс-шараларды ұйымдастыру жоспарлануда. Наурыз жалпыұлттық мейрамы қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінде, әр көшеде, ауданда, ауылда, қалаларда абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған жалпыұлттық асарлар өтеді.
Мерекелік шаралар өтетін жерлерде қолөнершіілк көрмелері, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, кітап дүкендері, жылжымалы дүкендер ұйымдастыру жоспарлануда. Бұл ретте көктемгі тағамдар әзірленіп, сатылымға шығады.
Барлық іс-шаралар карантиндік ережелер мен қоғамдық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізіледі.